Зарузчик

Қызметтер – Europages

International Premium

International Premium

3800 евро/жыл

Сіздің компанияңыз бен өнімдеріңіз туралы ақпарат платформада 15 тілде – Еуропаның ең таралған 12 тілінде, сондай-ақ түрік, араб, қытай тілдерінде орналастырылады. Сіздің компанияңыз әлемнің барлық ең ірі нарықтарына шығатын болады. Әрбір тілде 30 түйін сөз әзірлеп, платформада 200-ге дейін өнім орналастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Сіздің өнімдеріңіз Google сайтында сатып алушы тілінде көрсетілетін іздеу нәтижелерінде жоғары орынға ие болады. Біздің International Premium қызметі Europages  платформасы құралдарының мүмкіндіктерін төмен бағамен 100%-ға тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл баға ҚҚС-сыз көрсетілген.

Europe Plus Premium

Europe Plus Premium

2980 евро/жыл

Бұл қызметтер топтамасы өз күштерін таңдаған нарықтарына бағыттаймын деушілерге арналған. Сіздің компанияңыз бен оның өнімдері туралы ақпаратты платформада Еуропаның ең танымал бес тілінде – ағылшын, француз, неміс, италиян, испан тілдерінде, сондай-ақ Europages платформасындағы 15 тілдің ішінен өзіңіз қалаған тағы бір тілде, мысалы, швед, араб, түрік тілдерінде орналастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Әрбір тілде 30 түйін сөз әзірлеп, платформада 200-ге дейін өнім орналастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Сіздің өнімдеріңіз Google сайтында таңдап алынған тілдерде көрсетілетін іздеу нәтижелерінде жоғары орынға ие болады. Бағасы арзан және ҚҚС-сыз көрсетілген.

Europe Plus Entry

Europe Plus Entry

1540 евро/жыл

Бұл – Еуропа елдерінің нарықтарына шығуға арналған бастапқы қызметтер топтамасы. Сіздің компанияңыз бен өнімдеріңіз туралы ақпаратты платформада Еуропаның ең танымал бес тілінде – ағылшын, француз, неміс, италиян, испан тілдерінде, сондай-ақ клиент қалаған тағы бір тілде орналастыру мүмкіндігін ұсынамыз. 50-ге дейін өнім орналастыру және Europages платформасындағы құралдарды сынап көру мүмкіндігін ұсынамыз. Бағасы ҚҚС-сыз көрсетілген.

WLW

WLW

960 евро/жыл

WLW (Wer Liefert Was) – DACH (неміс тілінде сөйлейтін елдер – Германия, Австрия, Швейцария) өңірінде B2B сегментінің e-commerce саласындағы талассыз көшбасшы болып табылады. 1932 жылдан бері қолданылады.

WLW порталы – өнеркәсіп пен тұтынушылар тауарларының кең ауқымын жеткізушілерге арналған портал болып табылады. Бүкіл әлемнің 590 000 жеткізушісі, өндірушісі мен дистрибьюторын қамтиды. Ай сайын алаңда орта шамамен 1 275 000 сатып алушының сауалдары орналастырылады, солардың ішінен 88%-ы DACH өңірінің елдерінен келіп түседі. Бағасы ҚҚС-сыз көрсетілген.

E-mail marketing Europages клиенттері үшін

E-mail marketing

Біз Visable компаниясымен бірге мақсатты аудиторияға арналған e-mail-маркетинг науқандарын әзірлеп, оларды іске асыру мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл Europages платформасының қатысушылары арасында сатылым көлемін арттырады.

  • 4500 бизнес саласы, 130 ел
  • 100% сенімді серіктес, белгілі бір саладағы мақсатты аудитория
  • 6 не 15 тілге аудармасы
  • Visable компаниясының атынан хаттар жіберіп отыру

Осы қызметтің екі түрлі нұсқасы таңдауға ұсынылады.  Толық ақпаратты Grand Gector компаниясының мамандарынан алуға болады.

Бұл қызмет оферта шарты бойынша көрсетіледі.

Display-жарнама Europages клиенттері үшін

Display-жарнама

Display-жарнама дегеніміз – баннеріңізді Europages сайтында орналастыру және оны біздің пайдаланушылардың іздеу сауалдары бойынша табылған сайттардан көрсету. Europages платформасын пайдаланушылар сізді түйін сөздер арқылы таба алады. Сіз осы сөздерді таңдаған кезде, баннеріңіз осы сөздер арқылы көрсетіліп, сізді жаңа клиенттер таба алады. Біз сол үшін барлық жағдай жасаймыз.

Бір түйін сөздің бағасы – айына 50 евро (ҚҚС қоса алмағанда), кемінде 500 евроға тапсырыс беруге болады (ҚҚС қоса алмағанда).

Бұл қызмет оферта шарты бойынша көрсетіледі.

Load

Рахмет! <br> Сіздің өтінім сәтті тіркелді

Оператор сізге жақын арада хабарласады