EUROPAGES — кәсіпорындар тауарлары мен қызметтерін жылжытуға және Еуропа мен бүкіл әлемде бизнес-серіктестер іздеуге арналған халықаралық сандық платформа. Ол 1982 жылдан бері кәсіпорындар бизнестерінің дамуына белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді.
EUROPAGES туралы бүкіл ақпарат europages.com. сайтында берілген.
EUROPAGES платформасы арқасында бизнесіңіз әлем нарығында көзге түсіп отырады:
EUROPAGES – B2B саласындағы мамандандырылған платформа, яғни осы платформаның технологиялары, пайдаланушылары мен түйін сөздері B2B саласының ерекшелігіне орайластырылған;
EUROPAGES платформасы бүкіл әлем елдерінің 3 000 000-нан астам өндірушілері, жеткізушілері мен дистрибьюторларын қамтиды, солардың 78%-ы – Еуропадан
EUROPAGES платформасына ай сайын 2 миллионнан астам сатып алушы кіріп тұрады. Сатып алушы сауалдарының 68%-ы Еуропадан келіп түседі, 15%-ы Шығыс Араб елдерінен, 10%-ы Латын Америка елдерінен келіп түседі.
Кәсіпорындар EUROPAGES платформасы арқылы болашақ сатып алушыларын өздерінің бизнестерімен халықаралық деңгейде ана тілдерінде таныстырып өте алады. Клиент-компанияның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат EUROPAGES платформасында 15 тілде (оның ішінде Еуропаның барлық танымал тілдері, араб, түрік, қытай тілі мен өзге тілдерде) орналастырылады.
EUROPAGES платформасы Google-дің B2B саласындағы сыйлықақылы серіктесі, бұл EUROPAGES клиенттеріне Google сайтында сатып алушы тілінде көрсетілген ең танымал іздеу нәтижелерінде жоғары орынға ие болуға мүмкіндік береді.
EUROPAGES платформасымен жұмыс жасаудың артықшылықтары:
B2B саласындағы әлем нарығына тікелей шығу мүмкіндігі
Сатылымдар өсімі мен сапалы клиенттерді тарту мүмкіндігі
Сіздің компанияңыз Еуропа мен бүкіл әлемнің маржиналдылығы ең жоғары нарықтарында көрсетіледі
Europages платформасымен бірге сіздің компанияңыз сатып алушы тілінде Google сайтында көрсетілген ең танымал іздеу нәтижелерінде жоғары орынға ие болады
Салымдардың табыстылығы жоғары болады
Осының барлығы EUROPAGES платформасын B2B нарығындағы электронды коммерция саласының ең озық алаңына айналдырады.
GRAND GECTOR – Эстония, Латвия, Литва, Босния және Герцеговина, Хорватия, Черногория, Солтүстік Македония, Сербия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан үшін EUROPAGES және WLW платформаларының эксклюзивті дистрибьюторы.
Біз осы елдердегі экспорттаушы компанияларға серіктестер табу мен бизнесті дамытуға арналған ақпаратты EUROPAGES платформасында орналастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Сіз бизнесіңіз туралы ақпаратты платформаға орналастырған кезде жан-жақты қолдау көрсетеміз.